Гинекологиялық аурулардың алдын алу
Дата: 2023-04-28 14:14:20
2023 жылдың 3- наурызы күні мектеп- лицейдің 7- 11- сынып оқушыларының қыз балаларына арналып ұйымдастырылған мектеп- лицей медбикесі және тәжірибелі акушер-гинеколог Қалкенова Индира Бейбітовнамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Гинекологиялық аурулардың алдын алу» атты дәріспен таныстырды. Қыздарға жеке гигиена, жыныстық жол арқылы берілетін аурулар жайлы кеңінен мағлұмат берді.
Дәрігер маман қыз балаларға ең алдымен рухани-адамгершілік тәрбиені алға қою қажет екендігін айтып, қыз баланың денінің саулығын қамтамасыз ету жолдары бойынша кеңес берді. Сонымен қоса ерте жүктіліктің жас қыз ағзасына қалай әсер ететіндігі жайында қызметтік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңына қарай оқушылар дәрігер маманға сұрақтар қойып жауап алды.