Ұл балалардың жетілу туралы түсінік
Дата: 2023-04-28 14:03:07
03.02.2023 жылы мектеп - лицей медбикесі Б.Т.Акчулакова 8- сыныптың ұл балаларымен «Ұл балалардың жетілу туралы түсінік» деген тақырыпта әңгіме өткізді. Сөзінде ер балалардың жетілуі кезеңінің көптеген қиындықтары бар екенін атап айтты. Ұл балалардың жетілуі туралы тәрбиенің маңызы зор. Мұндай тәрбие ерте басталғаны жөн. Дұрыс тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дұрыс отбасын құратын болатындығы жайлы тоқталып өтті. Сондықтан уақыттарын текке кетірмей пайдалы спортқа, еңбекке жұмсауға кеңес берді.