№13 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің педагогтарын бос лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының
№13 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Күні:28.04.2023 ж.
Қатысқандар:5 адам.
Ш.Т.Жаксыгелдина –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагогтарын лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясының төрағасы.
Комиссия мүшелері:
К.К.Айнабекова–қалалық білім бөлімі әдіскері;
Л.К.Байжуманова –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Н.К. Пиримбетова –ағылшын тілі пәні мұғалімі;
А.А.Толеубекова –кәсіподақ төрағасы;
Ф.Е.Бозова –хатшы.
Қатыспағандар-0.
Күн тәртібі:
- Педагогтарды лауазымға тағайындау конкурсына қатысушы педагогтардың құжаттарын қарау туралы.
Сөйледі:
Ш.Т.Жаксыгелдина –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауының №1 параграфымен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі» таныстырып өтті. Жалпы ереже бойынша ақпар берді.
Конкурстық комиссияның отырысы аудио-бейне жазбамен сүйемелденуде.
Конкурстық комиссияның құрамы туралы бұйрықпен таныстырылып, комиссияның негізгі жұмыс тәртібін айқындады.
Конкурс төмендегі бос лауазымдар бойынша жүргізілді:
№ |
Лауазым атауы |
Бос орын саны |
мерзімі |
1 |
Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы |
1 ставка |
Тұрақты жұмысқа |
Конкурс өткізу туралы хабарлама білім беру ұйымның интернет-ресурстар желісіне 2023 жылдың 14 сәуір күні жарияланды. 2023 жылдың 17-25сәуір аралығында құжаттарды қабылдау жүргізілді.
Кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібердік.
Оңды жауап алынды.
2023 жылдың 17-25 сәуір аралығында хатшы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды.
Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы лауазымына бір үміткерден өтініш пен құжаттары түсті.
Енді конкурстық комиссия өтініш берген мұғалімнің құжаттарымен танысу жұмысын бастайды.
Алдарыңызға 1 папка ұсынылды. Конкурс ережесі талаптарына сәйкес комиссия:
1) кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарайсыздар. 2) Одан кейін қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырасыздар.
Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары бойынша шешімді жинаған балл негізінде қабылдайсыздар.
ШЕШІМ:
1. Мектеп басшысына вакансиялық лауазымға үміткерді тағайындауға ұсынылсын.
Комиссия төрайымы Ш.Т.Жаксыгелдина:____________
Мүшелері:
Л.Қ.Байжуманова ____________
Н.К Пиримбетова ______________
К.К.Айнабекова_____________
А.А.Толеубекова ______________
ХатшыФ.Е.Бозова _____________
Конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстым:
Үміткер ________________