Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған
“Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған” атты бастауыш сынып апталығының жоспарына сәйкес 3 “В” сынып жетекшісі Стамбекова Ш.Д. “Ойлы болсаң, озып көр” деген тақырыпта интеллектуалды танымдық сайыс өткізді. Сайыс 5 кезең бойынша жүргізілді. Алғашқы “Шапшаң ойлан” кезеңінде әр топ жетекшісі 1 минут уақыт ішінде берілген сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, әр дұрыс жауабына тиісті ұпай жинады. “Ұшқыр ой” кезеңінде әр топқа логикалық сұрақтар және тапсырмалар берілді. Келесі “Жүзден жүйрік” кезеңінде әр пән бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздерінің ұпайларын толықтырды. “Кім жылдам?” кезеңінде берілген сөздерді әр бала өз тобына жылдам әрі көбірек сипаттап түсіндіруге тырысты. Соңғы “Мақал - сөздің мәйегі” кезеңінде әр топтан бір бала шығып, 1 минут ішінде қанша мақал айтса, сонша ұпай жинады. Нәтижесінде 3- топ ең жоғары ұпай жинап, жеңіске жетті. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті.