Размер шрифта:

Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. Қараторғайдың ұясы

Дата: 2023-04-18 14:21:14
Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. Қараторғайдың ұясы
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ – сінде ұйымдастырылған «Әдістемелік десант» апталығында жоспар бойынша 13- сәуір күні 1 «В» сыныбында ана тілі пәнінен «Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. Қараторғайдың ұясы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Пән жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Шаймерденова Самал Сиезқызы.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру. Бас әріппен жазылған кісі аттарын қатыстырып, сөйлем құрау. Сабақ барысында «Жаңылыспа», «Құстарға көмек», «Жұмыртқа жинау» ойындары ойнатылды, жеке және жұмыс түрлері қолданылды. Балалар өз-өзін бағалау кезінде АКТ тиімді қолданылды. Сабаққа оқушылар аса қатты қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Сабақ соңында «Тик-ток» арқылы кері байланыс берілді.
Ашық сабаққа жас мамандар қатысып тәжірибелері не құнды әдіс тәсілдермен толықтырды және лицей директоры К.Т.Рахимберлина директордың ОІЖО М.С .Байтурганова қатысып жақсы кері байланыс берді.