USTAZ UIYTAU

Дата: 2023-04-12 20:59:25
USTAZ  UIYTAU
Құттықтаймыз!
        09.04.2023-11.04.2023 ж. күндері Әлімхан Ермеков атындағы №17 мектеп-лицейінде «USTAZ  UIYTAU» педагогтардың транцформациялау орталығының ұйымдастыруымен «ОРТА БІЛІМ БЕРУ: ӨЛШЕУ, ТАЛДАУ, БАСҚАРУ» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қарағанды университетінің ғылыми кеңесшілігімен Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің «Зерде» оқушылар ғылыми қоғамының оқушылары мен ғылыми жетекшілері жаратылыстану пәндері бағыында «Ғылым таппай мақтанба . . .» атты ғылыми-шығармашылық көрмесін жоғары деңгейде көрсетті. 
Қорғаған оқушылар:
1. «Пифагор» математика қоғамынан Ногаева А – 9Б (жетекшісі: Калиева С.М), оқушыларды математика пәні бойынша жоғары деңгейдегі пәндік олимпиадаларға (Президенттік олимпиада, Жолдасбеков атындағы олимпиада т.б) сапалы дайындау жолдары тақырыбымен Иманбекова Б.Б., Әлжан Б.Т. Ғылыми кеңесші: Танин А.О. – ҚарУ-нің  математика және ақпараттық технология факультетінің PhD докторанты. 
2. «Квант» физика қоғамынан 11 сынып оқушылары Мамырлан Н, Тілеубай А, Малыбаева Ә (жетекшісі: Рахимова Ж.Т). Ғылыми кеңесші: Кудусов А.С. – ҚарМУ-дың физика және нанотехнология кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты; 
3. «IT шығармашылық»  информатика қоғамынан 8В сынып оқушылары Омаркулов Д, Жумабекова А, 3В сынып оқушысы Аманжол І (Жетекшілері: Аманжол Қ, А, Оразалы Қ.М). Ғылыми кеңесші: Муратхан Р – ҚарМУ-нің математика және ақпараттық технология факультетінің аға оқытушы, информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
4. «Биос» биология қоғамынан 10А сынып оқушылары Абдерхан Н, Мәдениятова Ә (Жетекшісі: Коккозова Н.А). Ғылыми кеңесші: Шайбек Алтынай Жұпарқызы, зоология кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  Биология мамандығы бойынша философия докторы (PhD);
5. «Жас химик» химия қоғамынан «Медициналық сынып» жобасы бойынша 7А сынып оқушылары Ожан М, Сейдіғали А, Сатттыбай Т);
6. «Табиғат» экология қоғамынан «Гидропоника – мектеп жағдайында» тақырыбы бойынша 10А сынып оқушысы Ақылбекова З, Қайрат А (Жетекшісі: Садыканова Б.Ж).
        Сонымен бірге, шығармашылық көрмеде жаратылыстану пәні бағытындағы мұғалімдер  Рахимова Ж.Т. Әлжан Б.Т Иманбекова Б.Б Қайырқұл А.М  цифрлық, инновациялық мультимедиалық технологияларды қолдану шеберліктерін көрсетті. STEM siti  инновациялық панелінің ерекшелігімен таныстырып, ROQED science палтформасының білім берудегі зор мүмкінідігін ашып берді.