Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!
Дата: 2023-03-14 22:07:11
![Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!](/media/img/blog/64109b6799d90.jpg)
14 наурыз күні “Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде” 5 сыныптар арасында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!» тақырыбында Наурыз мейрамы аталып өтілді. Іс шараның мақсаты: оқушыларды қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін еске түсіру, ұлттық ойындар ойнау.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті, ұлттық ойындар конкурсына белсене қатысты. Арқан тартыс, асық ату, қол күрес ойындарына қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.