Достық шаттықтан басталады
06.02.2023 жылы 3Ә сыныбында «Достық шаттықтан басталады" тақырыбында сынып сағаты өтті. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық екенін жұмыс барысында анықтауға тырысты. Дос деген екі және одан да көп адам, достық деген олардың арасындағы адалдық, сенімділік, қамқорлық, ізгілік, мейірімділік сияқты қарым қатынастар екендігіне көз жеткізе отырып, өмірдегі достықтың екі түрі «адал және амал» достықтың мағынасын айқындады.
Сонымен бірге достықтың табиғатпен, құстармен, үй жануарларымен, кітаппен де шын дос бола алатыны да көрініс тапты. «Кубизм» әдісі арқылы мақалдар жасырып, «Достық алаңы» топтық жұмыстары күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін достықты күн бейнесі және Жер шары бейнесінде жасады.
Сабақ соңында достығымыз гүлдей жайнасын дегенді гүл күлтелерін бояумен кері байланыс жасады.