II тоқсанының аяқталуына байланысты ата- аналар жиналысы
Дата: 2023-01-11 22:25:39
II тоқсанының аяқталуына байланысты ата- аналар жиналысы
2022 – 2023 оқу жылының II тоқсанының аяқталуына байланысты "Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің" сынып жетекшілері ата- аналар жиналысын өткізді. Жиналыста II тоқсанның аяқталуы, білім сапасы, «Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі», мектептің ішкі тәртіп ережелері, ата- аналардың құқықтары мен міндеттері, оқушылардың қоғамдық іс- шараларға қатысуы, жасөспірімдердің түнгі уақытта жүрмеуі және басқа да мәселелер бойынша тақырыптар талқыланды. Ата- аналар да өз тараптарынан сұрақтар қойып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.