Басшы сағатын
2022 жылдың 27 желтоқсан күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- нің директоры К.Т.Рахимберлина зуум арқылы «Басшы сағатын» өткізді. Мектеп – лицей директоры К.Т.Рахимберлина II тоқсанның аяқталуы, каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы ақпараттарға тоқталды. Басшы сағатына Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Аслан Қайратұлы қатысып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған электронды хаттар, террористік іс- әрекеттер бойынша заңдарға тоқталып өтсе, Төтенше жағдай басқармасының инженері Унтыкбеков Галым Жаңа жылдық мереке кезіндегі от шашуларда өрт қаупін болдырмау, сақтық шараларды сақтау, түнгі жүріс, т.б. қауіпсіздік мәселелері жайлы мәліметтер айтты. Мектеп- лицейдің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Толетаева мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасы, электронды темекі туралы айта келіп, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, үйірмелерге қатысу керектігі жайлы сөз қозғады.