Үлгерімі төмен оқушылар
Дата: 2022-12-14 21:56:16
Үлгерімі төмен оқушыларының қабілет бағыттарын, таным процестерін айқындау
2022 жылдың 9 желтоқсан күні педагог-психолог М.О.Жунусова 2-4 сыныптарындағы үлгерімі төмен оқушыларымен төмендегідей жұмыстар жүргізді:
- Әдістеме: «Суреттерді есіңе сақта»;
- Ойын: «Не өзгерді?»;
- Жаттығу: «Қандай өзгешелік бар?»;
- «Әрбір тор көзге фигуралардың суретін салу»;
- Әдістеме: «Мына суреттерде кімге не жетіспейді?»;
- Жаттығу: «Артығын алып тастау».
Мақсаты:
- Зейіннің көлемін және сенсорлық зейінді анықтау. Зейіннің негізгі қасиеттерін, байқағыштық деңгейін қалыптастырып дамыту.
- Оқушының әрекетін бақылай отырып, қабылдау деңгейін анықтау.
- Оқушының танымдық белсенділігін ояту, ойлауын, логикалық ойлауын, қабілетін дамыту.
- Көру арқылы қысқа мерзімді есте сақтаудың көлемін анықтау.