Размер шрифта:

Үлгерімі төмен оқушылар

Дата: 2022-12-14 21:56:16
Үлгерімі төмен оқушылар

Үлгерімі төмен оқушыларының қабілет бағыттарын, таным процестерін айқындау

2022 жылдың 9 желтоқсан күні педагог-психолог  М.О.Жунусова 2-4 сыныптарындағы үлгерімі төмен оқушыларымен төмендегідей жұмыстар жүргізді:

  1. Әдістеме: «Суреттерді есіңе сақта»;
  2. Ойын: «Не өзгерді?»;
  3. Жаттығу: «Қандай өзгешелік бар?»;
  4. «Әрбір тор көзге фигуралардың суретін салу»;
  5. Әдістеме: «Мына суреттерде кімге не жетіспейді?»;
  6. Жаттығу: «Артығын алып тастау».

Мақсаты:

  • Зейіннің көлемін және сенсорлық зейінді анықтау. Зейіннің негізгі қасиеттерін, байқағыштық деңгейін қалыптастырып дамыту.
  • Оқушының әрекетін бақылай отырып, қабылдау деңгейін анықтау.
  • Оқушының танымдық белсенділігін ояту, ойлауын, логикалық ойлауын, қабілетін дамыту.
  • Көру арқылы қысқа мерзімді есте сақтаудың көлемін анықтау.