Өнегелі өмір
Дата: 2022-11-08 16:07:02
Бүгін, 21.10.2022 күні кәсіби бағдар беру кеңесшісі Балтабай А.С. ұйымдастыруымен, 9- 10 сынып қыз балаларының қатысуымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында «QAZAQSHAPAN» ұлттық киімдер орталығының құрылтайшысы, тігінші, кәсіпкер Амангул Қанатбекқызымен "ZOOM" платформасымен сұхбат жүргізілді. Отанымыздың гүлденуіне үлес қосып жүрген шағын кәсіп иесінің шапандарын республикамыздың танымал тұлғалары киіп жүр.
Асыл тастан сән бұйымын жасап, ұлттық киімдерінің етек жеңіне оқа тігіп, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізіп, сырма шапан, кәжекей,
тақия, этнокиімдерді аядай Балқаш өңірінен республикамыздың түкпір-түкпіріне жіберіп, елдің ықыласына бөленіп отырған кәсіпкерге оқушылар зиялы, мағыналы сұрақтар қойып, құнды ақпарат алды. Тігінші болуға деген ерекше қызығушылықтары оянып, тігіншінің шеберлік сабақтарына қатысуға ниет білдірді. Сұхбат жоғары деңгейде өтті.