Құндылыққа негізделген білім: еңбек сүйгіштік, білімге ұмтылу, отан сүйгіштік.
02.11 күні "Абай атындағы №2 мектеп - лицейінде" жоспарлы "Құндылыққа негізделген білім: еңбек сүйгіштік, білімге ұмтылу, отан сүйгіштік" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес 2 бөлімді қамтыды. 1-ші бөлімде І тоқсандағы 2-11 сыныптарда және жеке пәндер бойынша білім сапасының мониторингісіне сараптама жасалды. ДОІЖО Байжуманова Л.К.
2. Алтын белгі мен үздік аттестат иегерлері мен жұмыс жүйесі сараланды. ДБІЖО Ж.А.Шармухамбетова.
ІІ бөлімінде "Оқытудағы құндылықтар ұстанымы" тақырыбы бойынша "Іскерлік алаңы" формасында жүргізілді. Тақырып бойынша спикерлер Мұқамеди Р.С, Касенова А.Б, Қуанышбекова Ж.Қ, Ежебаева А.С. өз тәжірибелерінен оқыту үрдісінде құндылықты дарыту туралы шеберлік сағатын көрсетті. Басты модератор ДОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді. Іскерлік алаңы"
"SWOT талдау" қағазы бойынша рефлексия жасалды. Педагогикалық кеңесті лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина басшылық жасады. Кедергілер анықталды, шешу жолдары ұсынылды, шешім шығарылды.