Президенттік олимпиаданың жеңімпазы.
2022 жылдың 12 қазан күні Қарағанды қаласында өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңіне қаламыздан 4 оқушы қатысты. Олар: Омырсерик Султан – Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Малыбаева Әнел – Абай атындағы №2 мектеп-лицейі, Амангельдықызы Дамиля – Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі, Павлова Анастасия – Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі.
Нәтижесінде барлық 4 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды.
1.Омырсерик Султан –математика пәні бойынша І орын, физика пәні бойынша ІІ орын;
2.Малыбаева Әнел – физика пәні бойынша І орын, математика пәні бойынша ІІ орын, химия пәні бойынша ІІІ орын. Пән мұғалімдері: Рахимова Ж.Т. – физика пәні, Иманбекова Б.Б. – математика пәні, Мұқамеди Р.С. – химия пәні, Коккозова Н.А. – биология пәні.
3.Амангельдықызы Дамиля – химия пәні бойынша ІІІ орын, биология пәні бойынша ІІІ орын;
4. Павлова Анастасия – физика пәні бойынша ІІІ орын.
Дарынды оқушымызды бүгін мектеп ұжымы, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері және сыныптастары қошеметап қарсы алды. Мектеп-лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина оқушыларға өз білімдерін осындай бәйгелерде көрсетулерінің маңыздылығын айта отырып, Әнелге және пән мұғалімдеріне өз алғысын білдірді.
Құттықтаймыз! Оқушымызға 26 қазанда өтетін республикалық кезеңге өту үшін іріктеу кезеңінде сәттілік тілейміз!