10-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Дата: 2022-09-01 20:54:00
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бірлескен отырысында берілген тапсырмаларды орындау шеңберінде, Қарағанды облысының ІІД 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де облыстың барлық мектептерінде 10-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Мектеп-лицейімізде ұйымдастырылған дәріс сағатына Балқаш қаласының тергеу бөлімінің маманы М.Ж. Насипбаев қатысып, оқушыларды құқықтарымен және міндеттерімен таныстырды.