Размер шрифта:

Балқаш қаласы «Абай атындағы № 2 мектеп лицейі» КММ «Жазғы мектеп-2022» сабақтары бойынша ақпар

Дата: 2022-07-13 11:48:58
Балқаш қаласы «Абай атындағы № 2 мектеп лицейі» КММ «Жазғы мектеп-2022» сабақтары бойынша ақпар

 

 

  2021-2022 оқу жылының 26 шы мамырдан   мектеп лицейінде "Жазғы мектеп -2022" сабақтары өз жұмысын бастады.  Жалпы жазғы мектеп сабақтарына 1-4 және 5-8,10 сынып оқушыларынан  460 оқушы өтініш білдірген. Жазғы мектеп сабақтарының мақсаты: білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру, игерілмеген оқу мақасттарымен жұмыс, күрделі тақырыптарды меңгерту  жоспары бойынша  білім жетілдіру. «Жазғы мектепте» бастауыш сыныптар бойынша 14 топ  жалпы саны 230 оқушы 5-8,10 сыныпта 10 топта  200 оқушы  білімдерін толықтыруда.  Негізгі пәндер бойынша: қазақ тілі мен математика бойынша сабақтар жүргізілуде.  Сабақтардың жүргізілу формасы мұғалім таңдауына орай әртүрлі: ойын,  жарыс, танымдық сағат. Мұғалімдер интеллектум кабинетіндегі  үстел ойындарын  оқушылардың логикасын дамытуда  тиімді пайдалануда. Сабақтардан кейін «Оқуға құштар»  жобасы бойынша кітап оқу күнделікті ұйымдастырылады.

  5-8,10 сыныптар бойынша   математика,қазақ тілі, химия, физика, биология, орыс тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі пәндері жүргізілуде. Сонымен  бірге оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыруда  кітап оқу сағаты қосылды. Жалпы мектеп лицей бойынша 24 топ (сынып) құрылды, мұғалімдер саны 36.  Әр пән мұғалімінің тақырыптық күнтізбелік жоспары бектілді. Жазғы мектеп сабақтары замануи форматта, оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып жүргізілуде.Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда  тәжірибелік, зертханалық, шығармашылық сабақтар өткізілуде. Аптаның әр күніне арнайы бағыттар бойынша тақырыптар белгіленген. Мысалы: сейсенбі «Зияткерлік ойындар – дүниетаным баспалдағы» сәрсенбі күні «Қызықты зерттеулер, тәжірибелер» т.б. Сонымен бірге «Дебат» «Саяхат» «Брейн ринг» «Не,қайда,қашан?» «Аукцион» сабақ формалары, таза ауада ойындар,кітап оқу, топсеруен түрлері жүргізілуде. Оқушылар  сабақ барысында танымдық ,логикалық ойындар ойнап,тақырыптар бойынша білімдерін видеофильмдер арқылы толықтыруда.
  Жазғы мектеп сабақтарының жүру барысы туралы ақпараттар, видеороликтер жасалып әлеуметтік желілерге салынып отыр. Лицей сайтында «Жазғы мектеп-білімді тереңдету және қайталау мектебі" қосымшасы қосылды.