Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны»
Дата: 2022-06-04 22:51:54
«Балауса» жазғы лагерінің 4 топ балалары өз топтарында 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты іс-шарасы өтті.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу. Әр топта мемлекеттік әнұран орындалып, мемлекеттік нышандары және президентіміз туралы ақпарат берілді.