Размер шрифта:

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

Дата: 2022-04-23 11:01:11
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.  23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 23 сәуірді Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. Осы мереке арқылы ЮНЕСКО ұйымы бүкіл әлемді кітап оқуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан авторлардың еңбегін құрметтеуге үндейді. Соған орай, мектеп-лицейіміздің кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап - рухани қазына» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашы білім алушыларымызбен жалпы кітап оқудың пайдасы туралы, алғашқы кітап түрлері, қағаздың, кітаптың жасалуы бойынша ақпараттармен бөлісіп, қорға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырды.