«Отбасы- қауіпсіз мекен»
Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі»,- дей отырып, биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек екендігін айтқан болатын. Осыған байланысты, 2022 жыл- «Балалар жылы» болып жарияланды. Балалар жылының жоспарына сай, «Отбасы- қауіпсіз мекен» бөлімін іске асыру мақсатында баланың үлгілі отбасында тәрбиелену, отбасылық және адамгершілік – рухани құндылықтарды дәріптеу құқықтарын іске асыру бойынша 2022 жылдың 21, 22 сәуір күндері сынып жетекшілері ата – аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың күн тәртібі бойынша ата- аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім ҚБ-мен бірлесіп, Қазақстан оқушылары мен олардың ата-аналарына тегін әлеуметтік көмек көрсету бойынша» «Bala Qorqau – bala.gov.kz» веб-сайты жобасын іске қосқандығы бойынша мәліметтер айтылды.