Размер шрифта:

26 наурыз күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарға сәйкес "Функционалды сауаттылықты дамыту-сапалы білім кепілі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.

Дата: 2022-03-28 12:05:43
26 наурыз күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарға сәйкес
26 наурыз күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарға сәйкес "Функционалды сауаттылықты дамыту-сапалы білім кепілі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес барысында мұғалімдер секциялық бағыттар бойынша дөңгелек үстел басында жұмыстар жасады. Бастауыш сынып пен мектепалды даярлық тобы мұғалімдері
"Күрделі тақырыптар бойынша жұмыс жасау жолдары" Шаймерденова С.С., Қайырқұл А.М.
"Баланың графомоторлық дағдысын қалыптастыру" Тукбаева А.Т.
"Тыңдалым дағыдысын қалыптастырудағы қиындықтар,шешу жолдары" Досыбаев Н.К.,Камит С.М.
"Математикалық сауатттыққа бағытталған есептер" Калиева С.М.,Сейфулла.А.А.
"Физика пәнінде функционалды сауаттылық тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары" Акбаркулов Ж.К.
Аталған тақырыптар бойынша модераторлар белгіленіп, әр секцияда талдау, пікірлесу, шешім шығару жүргізілді.
Сонымен бірге "Зейін "жобасы аясында жүргізілген функционалды сауаттылық апталықтар жұмысына сараптама жасалды.
"Үздік функционалды сауаттылықты дамыту тапсырмалар жинағы" байқауының қорытындысы шығарылды.
1-орын Акбаркулов Ж.К.;
2-орын Жүнісбек А.Д. мен Даниярова Н.Ж.;
3-орын Кабанова А.К. мен Касенова А.Б. дипломдармен мараптталды.
Әдістемелік кеңесті мектеп лицейдің директордың ОІЖ орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина ұйымдастырып, жүргізді. Әдістемелік кеңеске 68 мұғалім қатысты.