«Қазақ халқының бірегей тағамдары» фестивалі
Дата: 2022-03-18 12:25:30
2022 жылдың 16 наурыз «Қош келдің, әз Наурыз!» атты апталық жоспарға сәйкес мектепішілік «Дәстүр мен ғұрып» жоба жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қазақ халқының бірегей тағамдары» фестивалі өтті. Наурыз- қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара білім алушыларға халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, ұлттық тәрбие беруге бағытталды.