«Анам мен әкем бізге кітап оқиды», «Анамның сүйікті кітабы», «Әкем оқыған кітап» акциясы
Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт - отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. Тәуелсіз елдің болашағы - білімді ұрпақ. Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, кітап оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру, білім нәрі кітаппен елжандылыққа баулу, кітаптың мәртебесін көтеру және кеңінен насихаттау, оқырмандардың интеллектуальды – танымдық өсуіне ықпал ету, белсенділіктерін арттыру мақсатында «Анам мен әкем бізге кітап оқиды», «Анамның сүйікті кітабы», «Әкем оқыған кітап» акциясы өткізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізіліп отырған шараға қатысып, отбасылық кітап оқу үлгісін насихаттауға ат салысқан отбасыларды назарларыңызға ұсынамыз!