Менің кішігірім кәсібім
Дата: 2022-03-09 09:49:10
![Менің кішігірім кәсібім](/media/img/blog/6228237555c3f.jpeg)
«Қаржы әлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Менің кішігірім кәсібім» тақырыбында 5-сыныптар арасында презентация жарысы өткізілді. Ұйымдастырушы информатика пәні мұғалімі К.А. Аманжол. Жарыс барысында оқушылар өздерінің арманындағы кәсіптерін таныстырды. Ерекше ізденушілікпен және ерекше қабілетімен көзге түскен оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
#ҚОББтәрбие
@ҚОББтәрбие
@g.kozhakhmetoova
#қаржыәлемі
#қаржылықсауаттылықапталығы
#мирфинансов
#неделяфинансовойграмотности