"ҮНЕМ-ҚОҒАМ ҚУАТЫ" ЖОБАСЫ

Дата: 2022-03-02 16:00:58

2022 жылдың 01 наурызынан бастап қаламыздың барлық білім беру ұйымдарында «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ» атты қаржылық сауаттылық  апталығы басталды

Апталықтың мақсаты: оқушылардың қаржылық сауаттылығы және кәсіпкерлік ойлауын дамыту арқылы қаржылық мәдениеті мен жеке қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру.

Апталық аясында тақырыпқа байланысты сынып сағаттар, конкурстар, эссе байқауы, олимпиадалар, стратап презентациялар байқауы, табысты бизнесмендермен кездесу, әлеуметтік серіктестермен кездесу, танымдық, іскерлік, экономикалық квест ойындары ұйымдастырылады.