Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша өткізілген «Салт- дәстүр білгірі» атты шараның ақпары
Дата: 2022-02-10 08:59:09
«Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша өткізілген «Салт- дәстүр білгірі» атты шараның ақпары
09.02.2022 күні Абай атындағы № 2 мектеп-лицейде «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында жоспар бойынша «Салт-дәстүр білгірі» атты іс-шара өтті. Аталған шара сайыс түрінде болды. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрды.
• «Ата мұраң-асыл қазынаң»
• «Адасқан мақал-мәтелдер»
• «Пазл құрастыру»
• «Қазақтың ұлттық қолөнері ою»
• «Сұрақ-жауап сайысы»
Алдымен сайысты бастамас бұрын ,әр (тибет, қытай, жапон, үнді,кения) халықтарының салты бойынша оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасып, соңынан қазақ халқының амандасу түрлерін көрсетті.
Оқушылар топқа бөлінгенде, шашыраған өлең жолдарынан үш тақырыптағы өлеңдер жинақтап, «Домбыра», «Қобыз», «Жетіген» топтарына бөлінді.
«Ата мұраң-асыл қазынаң» кезеңінде оқушылар үйде ата-аналарымен бірлесіп оқып, танысқан салт-дәстүр түрлеріне тоқталып, қысқаша түсініктеме берді. Әр салттың ерекшелігі, ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталып өтті. (Байғазы, көрімдік,ерулік, тәбәрік, жасау, енші,иткөйлек т.б). Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырды.
«Адасқан мақал-мәтелдер» кезеңінде салт-дәстүр туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, біріктірді. Сайыстың бұл кезеңінде «Домбыра» тобы ерекше ұйымшылдықпен топ болып жұмыс жасады.
«Пазл құрастыру». Бұл кезеңде қидаланған суреттерді құрастыру арқылы салт-дәстүрді анықтап, түсініктеме берді.
«Қазақтың ұлттық қолөнері ою» кезеңінде балалартоп болып әр түрлі материалдан ою ойды. Оюдың қандай ою және қайда қолдануға болатынын айтып өтті.
«Сұрақ-жауап сайысы» кезеңінде салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Сайысқа барлық 3 топ белсене қатысты. Сайыс болған соң жеңген топ, жеңілген топ болады. «Домбыра тобы» жинаған ұпайларының санына байланысты жеңімпаз атанып, марапатқа ие болды. «Қобыз»және «Жетіген» топтарына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар берілді.
Өткізген: Шаймерденова Самал Сиезқызы
«Дәстүр мен ғұрып» жобасының
бастауыш сыныптар бойынша
жауапты мұғалімі