"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығында Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде "Қауіпсіз интернет бала көзімен" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Дата: 2022-02-07 08:49:37
![](/media/img/blog/620096e58d8f1.jpeg)
"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығында Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде "Қауіпсіз интернет бала көзімен" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3-сынып оқушыларының өздері салған шығармашылық жұмыстары қойылды. Оқушылар ғаламтор желісін қалай пайдалану керектігі және компьютер алдында отыру ережесін сурет арқылы көрсете білді. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі К. Ш. Битанова ұйымдастырды.