«Сырлас» аналар мектебі
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің «Сырлас» аналар мектебінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан күні сағат 17:00-де 5-11 сынып оқушыларының аналарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қыз баланың тәрбиесін ерте бастан ескерген жақсы. Өйткені ертеңгі күні ана болатын қыздардың денсаулығының дұрыстығы - болашақ ұрпақ денсаулығының кепілі. Арнайы мамандардың қатысуымен қыздардың жеке гигиенасына, ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтарына, зорлық-зомбылық жайлы әңгіме өрбіді. Дөңгелек үстел барысында ұйымдастырушы тарапынан және аналар тарапынан да сұрақтар қойылып, «Қызықты сұрақтар» тренингі, «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» жағдаяттар тренингі өтті. Арнайы бейнематериал көрсетіліп тақырып толық ашылып, аналар өз ойларымен бөлісті.