«Бәйтерек» әкелер мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ «Бәйтерек» әкелер мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Әкеммен бірге оқимын» шарасы аясында 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысты. 1 В сынып оқушысы Мәжит Абылай Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін әкесімен бірге талқылады. 6 Г сынып оқушысы Мирамхан Айзере Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқып, әкесімен бірге мағынасын ашты. 3 А сынып оқушысы Абылхан Айсауле әкесімен бірге Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ», Абдразақ Айкерім Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімелеріне, І.Есенберлиннің шығармалары бойынша 9 В сынып оқушылары Кажкен Зарина мен Мухышева Диана, 11 Ә сынып оқушылары буктрейлер жасады. Сол кітап оқу сәттері мен оқыған шығармалары бойынша жасаған буктрейлерін назарларыңызға ұсынамыз.