Тәуелсізідігіміз бен Абай шығармаларының үндестігі
Тәуелсізідігіміз бен Абай шығармаларының үндестігі
10.12.2021 ж. күні директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Шармуханбетова Ж.А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейткалиева М.Ж., тарих пәнінің мұғалімі Карибжанов Е.Т. ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ғылым таппай мақтанба . . . » атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияға 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Конференцияда оқушыларға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай дайындалған «Тәуелсіздік жылдарындағы Абай музейі» атты бейнеролик көрсетілді. Соңынан Тәуелсізідігіміз бен Абай шығармаларының үндестігінің құндылығын көрсету мақсатында 11 А сынып оқушылары Абай Айым. «Абай еңбекқорлықтың мотиваторы», Жетпісбаев Әділет «Абай – тәуелсіздігіміздің әлем елдеріндегі бас елшісі» тақырыбындағы баяндамаларын оқыды.
Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Шармуханбетова Ж.А. Тәуелсіздігіміздің үлкен бір жетістігі – жан-жақты дамыған дарынды оқушыларымызды қолдау, оларға жағдай жасау әрдайым мемлекет назарында екенін айта отырып, мектеп-лицейімізде «Зерде» оқушылар ғылыми қоғамы жұмыс жасайтынын, биылғы 8-11 сыныптар арасында «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық кезеңге өткен оқушылары жөнінде ақпарат берді.
Конференцияда облыстық кезеңнің ІІ орын иегерлері, 10 сынып оқушылары Тлеубай Аслан «Пельтье элементі қуатының оның беткі қабаттарының температуралар айырмасына тәуелділігін зерттеу» (Ғылыми жетекшісі: Рахимова Ж.Т), Қазиева Иззат «Топырақ құрамын агрохимиялық зерттеу» (Ғылыми жетекшісі: Мұқамеди Р.С), 9 сынып оқушысы Темірғалиқызы Аяжан «Балқаш қаласының экологиялық қауіпсіздігі мен демографиялық жағдайы: кеше, бүгін» (Ғылыми жетекшісі: Тускеева А.М) тақырыбындағы жобаларымен қысқаша таныстырып өтті.
Мектеп-лицейіміздің директоры Рахимберлина Қ.Т. конференцияда өз жұмыстарын қорғаған оқушыларға, жетістікке жеткен оқушыларға өзінің алғысын білдірді, Тәуелсіздік құндылығын, жетістіктерін айта отырып, соңынан Тәуелсіздігіміздің бірқатар дарынды оқушыларын марапаттады.
Өткен аптада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Әлем таныған Қазақстан» атты жас зерттеушілердің VIII облыстық Құрылтайына қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болған 9 А сынып оқушысы Жумадилова Зере (тақырыбы: «Тәуелсіздікті аңсаған Мұстафа»), 8 В сынып оқушысы Толуяг Генчосман (тақырыбы: «Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері», жетекшісі: Карибжанов Е.Т.-тарих пәнінің мұғалімі) облыстан келген Дипломмен марапатталды.
ҚР Білім және Ғылым министрі А.Қ. Аймағанбетовтың арнайы келген Алғыс хаты мектеп-лицейіміздің 10 сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер, Қарағанды облысы бойынша балалар өкілі, Балқаш қаласы бойынша «Өзін-өзі басқару» парламентінің Президенті, математика пәні бойынша облыстық пәндік олимпиаданың, халықаралық «Азия Тынық» математикалық олимпиаданың, ғылыми жобалардың, спорт ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Алғамжанов Мейіржанның анасы Төлегенова Меруерт Төлегенқызына салтанатты түрде табысталды.
«Әлихан Бөкейхан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған Абай және Әлихан атындағы «Шәкірт ақы» конкурсында «Үздік Абайтанушы» номинациясы бойынша жеңімпаз, «100000 тенге» сертификатының иегері, мектеп-лицейіміздің 11Ә сынып оқушысы Жақсылыққызы Алия Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңін мәнерлеп оқып, оқушыларға Абайдың даналық ойын ерекше әсермен жеткізе білді. Өзін конкурсқа дайындаған ұстазы С.С. Имухаметоваға, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Сонымен бірге, қоғамға қызмет жасап жүрген 9А сынып оқушыларының волонтер оқушылары директор атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Коференция соңында биылғы Президенттік олимпиаданың облыстық кезең жеңімпазы, республикалық кезең қатысушысы, 11А сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер Рахман Ерхан олимпиада бойынша ой бөлісті, ұстаздарына, осындай білімді жастарға қазіргі кезде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын айта отырып, Елбасына, Президентімізге, мектеп ұжымына, ұстаздарына алғысын айтты, оқушыларды саналы тәрбие мен сапалы білім алуға шақырды.
Конференция шынымен оқушыларға Тәуелсіздік пен Абай шығармаларының құндылығы арқылы келешекте қоғамның көшін бастайтын саналы, білімді жастар болу керектігіне ой салды.