Тәуелсіздігіміздің мерейтойына тарту ретінде Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде бастау алған «30 жылдыққа – 30 үздік сабақ» марафоны шеңберінде бастауыш сынып мұғалімі Битанова К.Ш. әдебиеттік оқу пәнінен «Сәулетті біздің Алматы» тақырыбына ашық сабақ өткі
Дата: 2021-12-10 07:38:58
Тәуелсіздігіміздің мерейтойына тарту ретінде Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде бастау алған «30 жылдыққа – 30 үздік сабақ» марафоны шеңберінде бастауыш сынып мұғалімі Битанова К.Ш. әдебиеттік оқу пәнінен «Сәулетті біздің Алматы» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта оқытудың белсенді әдістері арқылы оқушылардың көркем шығарманы түсініп оқу, көркемдегіш құралдарды табу тапсырмаларын орындады. «Жобалау» әдісі арқылы қала сәулетін модельдеу сабақты түрлендіріп, оқушы белсенділігін арттырды.