Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Бала құқығы - адам құқығы" Республиклық айлығы шеңберінде "Заң және бала" атты дөңгелек үстелі өткізілді.
Дата: 2021-11-12 12:43:22
2021 жылдың 11 қарашасы күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Бала құқығы - адам құқығы" Республиклық айлығы шеңберінде "Заң және бала" атты дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараға "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі", " Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі" және №9 мектептің Парламенттерінің президенттері қатысты. Іс -шараның мақсаты балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау болды. Балалар мен жас өспірімдер - ерекше қорғаныс пен көмекке мұқтаж кез-келген қоғамның ең осал мүшелері.