"Тарих серпіні" жобасы аясында
Дата: 2021-10-23 10:22:44
22.10 күні Абай атындағы №2 мектеп—лицейінің тарих пәні мұғалімдері "педагог—зерттеуші" Карибжанов Е.Т. және "педагог—сарапшы" Досыбаев Н.К. облыстық оқу — әдістемелік орталығының "Тарих серпіні" жобасы аясында "Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі" тақырыбында өткен нетворкингке қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс шараны облыстық оқу—әдістемелік орталығының тарих—география пәндері бойынша әдіскері Тулепбекова С.К. жүргізіп, жоғары бағалады.