8В сыныбы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
Дата: 2021-10-21 15:00:32
ХХ ғасырдың басында көлемді прозаның алғаш баспалдағын қалаған Сəбит Мұқанов болды десек қателеспейміз. Алғаш рет 1935 жылы «Адасқандар» деген атпен жарық көріп, кейін өңделіп қайта басылған «Мөлдір махаббат» романы - жазушының ғалымдардың назарын жиі аударып, көбірек тілге тиек болған туындысы.
Əрбір көркем шығармаға сол дəуірдің, сол заманның өмір шындығы негіз болады. Қалың көпшілікке «Мөлдір махаббат» деген атпен таныс «Адасқандар» романы да шыншыл оқиға желісінде жазылған. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу сағатында 8 В сыныбы осы романды оқуды қолға алды.