"Адамға қуаныш сыйла" акциясы өтті
Дата: 2021-10-15 11:29:11
14 қазан 5Ә сынып оқушыларының бойында мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында жетекшісі А.Б.Касенованың ұйымдастыруымен"Адамға қуаныш сыйла" акциясы өтті. Қайырымдылық - қазақ халқының ең ізгі де асыл қасиеттерінің бірі. Акция барысында оқушылар бір-бірімен пікірталас жүргізе отырып, өздерінің сұрақтарын ортаға салды. Адамға қуаныш сыйлау, аялы алақандарын, жүрек жылуын ұсыну сауабы әрбір адамның азаматтық парызы екендігін өздерінің осы тақырыпта дайындап әкелген шығармашылық жұмыстарында көрсетті.