«Денсаулық – басты байлық»
Дата: 2021-09-07 14:48:31
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберіндегі қыркүйек айындағы «Білім» тақырыбы аясында 6 қыркүйек – Денсаулық күніне орай «Абай атындағы №2 лицей» КММ- де «Денсаулық – басты байлық» атты спорттық іс-шара өткізілді. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл Жасампаздыққа толы жылдар» дей келе, 1997 жылдың 6 қыркүйегінде алғаш рет «Қазақша күрес» ұлттық күресінен әлем чемпионаты өткендігін хабардар ете отырып, салаутты өмір салтын ұстанудың, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын насихаттау барысында фестиваль ұйымдастырылды. #QAZAQSTAN30