5 қыркүйек - «Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы...» деп, оқу-білімге шақырған қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Дата: 2021-09-05 15:21:22
5 қыркүйек - «Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы...» деп, оқу-білімге шақырған қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Айтулы күнге орай Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің кітапханасында ұстазға арналған «Әліппенің атасы» атты ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Оқушылардың назарына ұстаздың үлгі болар нақыл сөздері, Әліппе оқулығы мен ол туралы 10 дерек бойынша тағылымды деректер айтылды.