25.08 күні Абай атындағы №2 мектеп—лицейінде пән бірлестіктерінің жоспарлы отырысы болып өтті.
Дата: 2021-08-26 08:42:36
2021—2022 оқу жылының ерекшеліктері.
25.08 күні Абай атындағы №2 мектеп—лицейінде пән бірлестіктерінің жоспарлы отырысы болып өтті. Бірлестік отырысында: 2021—2022 оқу жылына арналған оқу әдістемелік нұсқау хаты таныстырылды. Жаңа оқу жылының басты міндеттері сараланды. Білім алушылардың өткен оқу жылындағы оқу мақсаттарын меңгерудегі олқылықтарын толықтыру мақсатындағы әр пән мұғалімінің жұмыс жасау жоспары, күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын біріктіру сұрақтары қаралды. Критериалды бағалау жүйесі, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларын дамытудағы жұмыстар атап өтілді. Үлгерімі төмен және дарынды оқушымен жұмыс жасау алгоритмі берілді. Отырысты бірлестік жетекшілері ұйымдастырып, жүргізді. Лицей мұғалімдері жаңа оқу жылын жаңа серпінмен бастады. Бірлестік отырысына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ш. Т. Жаксыгелдина мен М. С. Байтурганова қатысты.