Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»КММ «Балауса»жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатының ақпары
Дата: 2021-06-30 13:46:00
![Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»КММ «Балауса»жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатының ақпары](/media/img/blog/60dc309301a59.jpg)
Маусым айының 21-і күні «Балауса» жазғы мектеп жанындағы лагерінің ашылу салтанаты өтті. Лагерь басшысы Г.М.Балгабаева құттықтау сөз сөйлеп, «Балауса» жазғы сауықтыру лагерін ашық деп жариялады. Лагерьге қатысушы оқушылар «Жаз», «Көңіл-күй» туралы тақпақтары мен өлеңдерін айтып, ашылу салтанатына өз үлестерін қосты. Оқушылар әртүрлі ойындар ойнап, билеп, көңіл көтерді. «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің жоспары бойынша оқушылар мультфильм көрді.