"Білім сапасы:идеядан іске асыруға дейін" ҒПК-сы өтті.
26.03 күні облыстық педагогикалық шеберлік орталық пен қалалық білім бөлімі бірігіп ұйымдастырған "Білім сапасы:идеядан іске асыруға дейін". "Көшбасышылар тәжірибесі" тақырыбында "педагог-шебер", "педагог-зерттеуші", "педагог- сарапшы"санатындағы мұғалімдерге арналған ҒПК-сы өтті. Конференцияда үздік іріктелген тәжірибелері таратылды. Мектеп - лицейден биология пәні мұғалімі "педагог зерттеуші" Коккозова Н.А " Оқытудың белсенді әдістерінің биология сабағында тиімділігі" бастауыш сынып мұғалімі "педагог -зерттеуші" Байтурганова М.С "Бастауыш сынып оұушыларында түсініп оқу дағдысын қалыптастыру" және физика пәні мұғалімі "педагог сарапшы" Рахимова Ж.Т "Абай өлеңдерімен физикалық құбылыстардың үндестігі" тақырыптарында өз тәжірибелерін қорғады.Лицей мұғалімдерінің жұмыстарына облыстық тренерлер мен қатысушы мұғалімдер жоғары баға беріп,жақсы пікірлер айтылды.Мұғалімдер мақаласы жинаққа шығып, өздері серификаттармен марапатталды.ҒПК ға қатысушылар кәсіби шеберлік шыңдауда құнды ақпараттар алды.