"Мен- жас математикпін"
Дата: 2021-02-22 17:12:20
"Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицей" КММ-де 1В сынып жетекшісі Стамбекова Ш.Д. "Мен- жас математикпін" тақырыбында логикалық тапсырмалардан сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты- оқушылардың ой - өрісін, тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Үш топқа бөлінген тартысты бәсеке кезеңдерге бөлініп ұйымдастырылды. "Не артық?", "Айырмашылығын тап", "Ретімен орналастыр", "Заңдылықты тап", "Пазлдар құрастыру", "Ойлан, тап" , " Теңдеу құрастыр" кезеңдері бойынша оқушылар өз білімдерін, алғырлықтарын көрсетті. Сайыс соңында «Алғырлар» тобы жеңіске жетті.