Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 16 ақпан күні «Мектеп қауіпсіздігі командасының» ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен қоғамның рөлі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 16 ақпан күні «Мектеп қауіпсіздігі командасының» ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен қоғамның рөлі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерінің рөлін арттыру, оқушылардың қауіпсіздік проблемасына назар аударту.
Жиналысқа мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы қатысып, бала тәрбиесі және қауіпсіздігі туралы ҚР- ның заңнамаларына тоқтала отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі және әр ата-ана баласының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау керектігі жайлы ақпарат берді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Н.Наскенова оқушыларға қатысты зорлық- зомбылық және қатігез қарау, құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларды қорғау мақсатында құрылған «Мектеп қауіпсіздігі командасының» жұмысы жайлы мәлімет берді. Мектеп психологы А.А.Толетаева оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік мәселесіне назар аудару керектігі және қандай психологиялық көмек көрсетуге болатыны жайлы құнды ақпараттар айтты.