«Балалардың өмірі қауіпсіздікте болсын» отбасы сағаты
Дата: 2020-11-20 16:23:11
2020 жылдың 14 қараша күні Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарына сай «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Н.Наскенова мен мектеп психолгы, әрі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Толетаева лицейдің инстаграм желісі арқылы «Балалардың өмірі қауіпсіздікте болсын» тақырыбында отбасы сағатын өткізді. Отбасы сағатына лицейіміздің ата - аналары мен оқушылары қатысып, балалардың құқығы, бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігі, баланың өмірінің қауіпсіздігі, жол және өмір қауіпсіздігі туралы, діни теріс ағымдарға алданбаудың алдын алу бойынша түсініктер берілді.