«Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді...

Дата: 2018-12-25 18:01:58
«Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді...

25 желтоқсан күні ҚР-ғы орта білім мазмұнын жаңарту туралы түсіндіру, білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру мақсатында «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің міндеттері: пән бойынша мұғалімдерге оқушылармен жұмыс жасауда білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыруға бағыт  беру. Тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге үйрету. Мұғалімдерге оқушыны қызығушылығын арттыру бойынша  шығармашылық  ізденістеріне  көмектесу, оның жолдарын  анықтай білуге баулу болатын. Семинар-тренинг барысында мұғалімдер «мақсат», «жетістік», «болашақ» топтарына бөлініп, өзара іс-тәжірибе алмасты.