Республикалық «Жас толқын» атты шығармашылық байқауда оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды...

Дата: 2018-11-12 12:06:25
Республикалық «Жас толқын» атты шығармашылық байқауда оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды...

 2018 жылдың 7-8 ші қарашасында  Қарағанды қаласында  балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Республикалық  «Жас толқын» атты шығармашылық байқауға «Көркемсөз» номинациясы бойынша мектебіміздің   9-сынып оқушысы Амангелді Жанарыс және 5-сынып оқушысы Шалқарұлы Дастан  қатысып,   жүлделі орындарды  иеленіп қайтты.   

Амангелді Жанарыс – 2-орын, Шалқарұлы Дастан – 3-орын. Жетекшілері Қадыр Баймырза "Шебер ұстаз" сертификатымен марапатталып, осы байқауға балаларды дайындағаны үшін алғыс хат табыс етілді.

Байқаудың мақсаты: Өнерпаз балалардың ұлттық мәдениетті дәріптеп, Отандық өнер тағылымына деген сүйіспеншіліктері мен мәдени сауаттылықтарын арттыру. Жас орындаушыларды сахна мәдениетіне тәрбиелей келе, бәсекелесуге сай кәсіби орындау шеберліктеріне дағдыландыру. Жас дарындарды дайындаушы педагог мамандардың республикалық деңгейдегі кәсіби шеберліктерімен тәжірибелерін алмастыру.