«Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің қалалық олимпиадасы өтті...
Дата: 2018-11-10 17:58:03

8 қараша күні «Тілдер орталығы» КММ ұлты қазақ балаларының арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» қалалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты:
1. жастар арасында мемлекеттік тілді және көптілділікті насихаттау;
2. қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту;
3. жастардың тілдерді үйренудегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
4. сөйлеу мәдениеті деңгейін арттыру және толеранттылыққа тәрбиелеу;
5. қазақстандық рухани бірлікті қуаттап, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Осы олимпиадаға № 2 мектеп-интернатынан 9 "А" сынып оқушысы Омарова Айсұлу қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Абеуова З.У.