«Қоғамдық рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларының мәңгілік еліміздің болашақ ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеуде іске асырылуы»
Жалпы білім беретін №-5 орта мектебі КММ-де03.12.2018-14.12.2018 ж. күндері аралығында өткізілген «Қоғамдық рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларының мәңгілік еліміздің болашақ ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеуде іске асырылуы» тақырыбында сынып жетекшілер көптеген іс шаралар өткізді.
Онкүндіктің ашылуы салтанатты жиынмен басталды . Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Нуржанова Қарлығаш Сраиловна салтанатты жиында оқушыларды онкүндіктің жоспарымен таныстырып кетті.
Сынып жетекшілерден, ең алғашқы ашық сынып сағатын 05.12.2018ж « Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»тақырыбында 5 «Ә» сынып жетекшісіСмагул Айнұр Асылжанқызы өткізді.Оқушылар рухани жаңғыру құндылықтарына мәлімет беріп, «Әке мен бала» көрінісін көрсетті.Көріністің тәрбиелік мәні өте құнды болды.
06.12.2018ж. 2 «Ә» сынып жетекшісі , Рахыжанова Арайлым Талғатовна«Рухани жаңғырудың жарқын жолы»атты сынып сағатын өткізді.Сынып сағатында оқушылар латын әліпбиінде өз аттарын жазып үйренді, агитбригаданың рухани жаңғыру туралы мәліметтері өте қызықты болды.
07.12.2018ж. « Рухани жаңғыру-мен елімнің ертеңімін»тақырыбында 5 «А» сыныбында интеллектуалды ойын өтті.Сынып жетекші Жаксибекова Асем Сабитовна топпен жұмыс өткізіп , оқушылары өте белсене қатысты,
10.12.18.ж. күні, 6 А сыныбында «Қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларының мәңгілік еліміздің болашақ ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеуде іске асырылуы» тақырыбындағы онкүндік аясында , «Рухани жаңғыру-отбасынан басталады..» атты сынып сағаты өтті. Ашық сабақ дөңгелек үстел түрінде өтті. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмір-
дің басты құндылығы отбасынан басталатынын ұғындыру; Отбасы арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті арттыру, отбасының құндылықтарын анықтау.
Сынып сағаты барысында оқушылар Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына тоқталып өтілді. Түркі әлемінің бесігі. Түркі әлемінің генезисі Қазақстан — күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырақ ұғымына ерекше тоқталып, оқушылар отбасы құндылықтарын латын әліпбиімен жазып шаңырақ суреті салынған постерге ілді. «Отбасы не үшін қажет? бейнероликті тамашалады.
6 А сынып оқушысы Ерланқызы Айханым өз отбасы туралы презентация жасап, соңынан Роза Әлқожаның «Қос бәйтерек» әнін орындады.
Соңында «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» атты Рефлексия жасап, Ибрагим Ескендірдің әні: «Көк тудың желбірегені» бейнеклипті тыңдап, қолдарына жалауларын ұстап, орындарынан тұрып әнге қосылады.
10.12.2018 ж. 8 «А» сынып жетекшісі Мұхаметжанова Тоғжан Дауреновнадөңгелекстөл өткізді.Тақырыбы: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» Оқушылар өздері дайындаған мәліметтерді ортаға салып , пікірталасқа түсті, Желтоқсан құрбандары жайлы көптеген мәліметтер тыңдап,өз ойларын айтты.
11.12.2018 ж .Ерланова А.Е. «Рухани жаңғыру . Мен елімнің патриотымын» атты сынып сағатын өткізді . Сынып сағатында оқушылар Қазақстан, ата заңымыз, мемлекеттік нышандар туралы білімдерін нығайтып, соңында «Туған жерге не бересің « атты рефлексия өткізді.
12.12.2018 «Руханижаңғыру- болашаққа бастар жол»атты ашық сынып сағатын 2 «А», «Ә»сынып жетекшілері,Ғазиз Тоғжан Мейірханқызы мен Сатбекова Мадина Мерекеқызы өткізді.
Рухани жаңғырудың құндылықтары туралы оқушылар орыс, ағылшын, қазақ тілінде айтты. Оқушылар кішкентай болса да өз аттарын латын әліпбиінде жазып, тырысты.
13.12.2018ж. «Ұлттық мейрам мен мерекелер» ашық сынып сағатын 7 «Ә»сыныбында Есенгелді Жибек өткізді.Оқушылар өздері дайындаған ұлттық мейрам мен мерекелер жайлы мәліметтермен таныстырып өтті,соңында бата берілді.Сынып сағатының тәрбиелік мәні зор болды
14.12.12ж .Онкүндіктің жабылуы салтанатты жиынмен аяқталды.