«Алғыс айта білеміз бе?»
5 «А» сыныбында 01.03.18. Алғыс айту күніне орай, «Алғыс айта білеміз бе?» тақырыбында, тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Алғыс айту күнінің мағынасын -мәнін туралы түсініктерін кеңейте түсу, алғыс айту мерекесінің мәнін қоғамдағы маңыздылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері: -Оқушылардың адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
- Оқушыларды ата-аналарын құрметтеуге, Отанын сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа , сынаптастарына деген құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты Елбасының сөзімен басталды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандылық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деді Елбасы. Оқушылар ата –аналарына, ұстаздарына, сыныптастарына деген жүрекжарды алғыстарын жазды.