Менің машиналарым»
Жоспар бойынша 22.02.2018 жылы 0 «А» сыныбынында «Шығармашылық» саласы бойынша, аппликация сабағынан С.С. Мукашбекованың «Менің машиналарым» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты:Әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, геометриялық фигуралардың көмегімен көлікті (машинаны) жапсыру.
Сабақ Астана қаласының 20 жылдық мерей тойымен байланыстырылып, саяхатқа бару үшін әдемі көліктер жасау тапсырылды. Көлікті жапсыру тәсілімен таныстырып, олардың бөлшектерін үш тілде атап айту жұмыстары жүргізілді. Тақырыпқа сай сергіту сәтін өткізіп, балалар жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережесін айтып өтті.
Сабақ мазмұнын меңгерту үшін «Пазл» ойынын ойнатып, жұмыс реттілігін білді. Сабақ соңында өз жұмыстарын Астана қаласына бағытталған тас жолға орналастырды. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, балалар «Бас бармақ» әдісі арқылы қорытындылады.