Размер шрифта:

«Төрлет,Жаңа жыл»

Дата: 2018-01-03 15:48:31
«Төрлет,Жаңа жыл»

«      Жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің «Төрлет,Жаңа жыл» мерекелік  іс – шаралары жоспары құрылып,барлық іс –шаралар өз уақытында орындалды.
Мектеп фасадында түрлі дюралайдттармен  безендіру жұмыстары жасалынды.Мектептің бірінші қабатынан бастап үшінші қабаттары және спорт залға  жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізілді. Кезекшілік кестесі құрылды. Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кешкі бал кесте бойынша өткізілді. 23.12.17ж күні мектептің 9-10 сынып оқушылары ұстаздары және ақша қар мен аяз ата қалалық жаңа жылдық шыршаның ашылуына қатысып қайтты.
        27.12.17ж күні сағат 9.00-де мектеп алды даярлық тобының жаңа жылдық ертеңгілігі өткізілді.27.12.17 күні сағат 11.00-де 1-2сыныптар,сағат13.00-де 3-4сыныптар,сағат 15.00-де 5-8сыныптар үшін жаңа жылдық кештер өткізілді. 28.12.17ж күні  9-11 сыныптар аралығында  «Төрлет,Жаңа жыл» атты   жаңа жылдық кеш өткізілді.Кешке Кешке  қалалық білім бөлімінің  әдіскері  Мухаметжанова  Жайнагүл Саденовна , «Шапағат» әкелер кеңесінің төрағасы  Кайыпбергенов  Бахытбек Кымыранович, қалалық полицияның  инспекторы Жандыгулов Канат Жакипбекович және мектептің ұстаздары шақырылды. Жаңа жылдық кеш  сағат 17.00-де басталып  21.00-де аяқталды.   Мерекелік кешті мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна     құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.Мерекелік кеш  сағат 17.00-де басталып 21.00-де аяқталды.Жаңа жылдың сценарийлік жоспары  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Астанаға 20 жылдық мерейтойына арнала отырып, әр сынып  оқушыларының  түрлі ойындарымен,әндерінен және флеш-моб  билерінен жарыстар ұйымдастырылды.Кеш соңы мерекелік  биге ұласты.Сағат 21.00-де барлық сынып оқушылары үйлеріне қайтарылып, сағат 22.00-де  әр оқушының  үйлеріне жеткендігі жайында сынып жетекшілері хабардар етті.

     Мектептегі кеш өз деңгейінде өткізілді.
   

Автор: №5 ОМ